Поздравления сундет той на казахском языке

Сүндет той — мұсылманға міндет той

Баланың сүндетке отыруы – оның азаматтыққа апарар жолға қадам басуымен тең. Сүндет – пәктіктің, тазалықтың, мұсылмандықтың белгісі.

Той төресі – сүндет той: ата-анаға міндет қой! Үлкен міндет атқарып, ата-анасы шаттанып, арамызда күлімдеп, бастарына бақ дарып, бар көңілін ақтарып отырған бір жайы бар – маңдайында айы бар: жарқыраған баласы – болашағы, панасы! Бір қуанды әкесі, бір қуанды анасы – атқа қонған баласы, айға қонған санасы! Құтты болсын қуаныш, өссін елдің данасы!

Сүндет тойы баланың құтты болсын! тезірек ер жетіп, имандылықты бойына сіңіріп, өскен елінің айтулы азаматы бола берсін!

Жасыңды санап қарасам – биылғы жыл бестесің,

Зейнет тепті парымдап тепкішектің кестесін.

Үкілеулік ер бесті тақымыңнан кетпесін,

Қалаулы елдің ұлы бол, атақ-даңқың өшпесін.

Төгілген жорға мінгенің, жібек, мақпал кигенің,

Оқалаулы үзбесі жарқыраған түймеңнің.

Өмірлі бол, қарағым, таудай болсын талабың!

Қар үстінде от жонар – қалаушы тапса қалауын,

Бақыт қонсын басыңа, аулақ болсын ажалың.

Беделді болып еліңе, өтімді болсын базарың,

Өрге жүзсін өнерің, сынбасын сағың, ажарың!

Талмайтын талабың мол болсын,

Самғайтын қанатың сол болсын!

Ырыс-ынтымақ, баянды бақыт берсін,

Ұзақ ғұмыр, тұрлаулы уақыт берсін!

Сіздерді бүгінгі ұлы тойларыңызбен шын көңілімізбен құттықтаймыз. Мұхаммет пайғамбардың хадисінде мұсылман үшін ең ұлы той — сүндет тойы деген екен. Мұның мәнісі сірә, балғын жас бала ата-баба жолына түсті, мұсылмандық рухын сақтайды, дәстүрге адал болады деген ниетте жатса керек. Сондықтан бүгінгі ұлы тойларыңыз құтты болсын. Бір кезде мұсылмандықтың қаймағы бұзылмай тұрған кезде баланы жастан демекші, сүндетке отырғызуға сондай зор мән берілген. Бүгін сіздер ата-аналық борыштарыңызды өтеп қана отырған жоқсыздар, балақайдың келешегін нұсқап та отырсыздар. Баламыз өскен кезде білімді азамат болсын, рухы қазақша, ділі мұсылманша болсын, халқын сүйген азамат болсын деген тілектеріңізді жұрт алдында паш етіп, той жасап отырсыздар. Осынау ізгі тілектеріңіз қабыл болсын, мұраттарыңызға жетіңіздер. Баламыз жеті жұрттың қамын ойлаған азамат, атаның ғана ұлы емес, елдің, халықтың перзенті болсын.

СҮНДЕТ ТОЙҒА БАТА

Қол жайыңдар халайық, сүндетке арнап,
Құдай құлы Мұхаммед Үмбетке арнап.
Қырық парыздың біреуі осы дейді,
Исламда атқарар міндетке арнап.

Айың жарық, күндерің ашық болсын,
Пәлі-құла Қырық кез қашық болсын.
Жүрегіне Алладан нұр құйылып,
Өміріне жететін несіп болсын.

Бұл сүндет Әлми сақтан порым болған,
Бұл Жұмай ақ тілеуімен орындалған.
Ғайып Ерен, Қырық Шілтен қорғап жүрсін,
Азамат бол Қыдыр ата қолыңды алған.
Әмин, Аллаһу Әкбар!

Сүндет той
Баланың сүндетке отыруы – оның азаматтыққа апарар жолға қадам басуымен тең. Сүндет – пәктіктің, тазалықтың, мұсылмандықтың белгісі. Сүндетке отырған баланың нағашылары оған нағыз азамат болдың ғой деп тай мінгізетін болған, ата-апалары түрлі базарлығын сыйға тартқан.
Құттықтау үлгілері
Той төресі – сүндет той: ата-анаға міндет қой! Үлкен міндет атқарып, ата-анасы шаттанып, арамызда күлімдеп, бастарына бақ дарып, бар көңілін ақтарып отырған бір жайы бар – маңдайында айы бар: жарқыраған баласы – болашағы, панасы! Бір қуанды әкесі, бір қуанды анасы – атқа қонған баласы, айға қонған санасы! Құтты болсын қуаныш, өссін елдің данасы!

Сүндет тойы баланың құтты болсын! тезірек ер жетіп, имандылықты бойына сіңіріп, өскен елінің айтулы азаматы бола берсін!

Жасыңды санап қарасам – биылғы жыл бестесің,
Зейнет тепті парымдап тепкішектің кестесін.
Үкілеулік ер бесті тақымыңнан кетпесін,
Қалаулы елдің ұлы бол, атақ-даңқың өшпесін.
Төгілген жорға мінгенің, жібек, мақпал кигенің,
Оқалаулы үзбесі жарқыраған түймеңнің.
Өмірлі бол, қарағым, таудай болсын талабың!
Қар үстінде от жонар – қалаушы тапса қалауын,
Бақыт қонсын басыңа, аулақ болсын ажалың.
Беделді болып еліңе, өтімді болсын базарың,
Өрге жүзсін өнерің, сынбасын сағың, ажарың!

Талмайтын талабың мол болсын,
Самғайтын қанатың сол болсын!
Ырыс-ынтымақ, баянды бақыт берсін,
Ұзақ ғұмыр, тұрлаулы уақыт берсін!

Үкілі ат астыңнан өмір-бақи кетпесін!
Қасекенің қарғысы саған мүлде жетпесін!
Елдің ерен ұлы бол – атақ-даңқың өшпесін!

Өз құрбыңның алды бол, қора толы малды бол!
Жауыңа дес бермейтін, арыстандай жалды бол!
Өсе берсін өркенің, шарлай бергін жер шегін.
Жаспен бірге бақ берсін, тәңір иіп нақ берсін!
Қайырыңды ел көріп, жомарт деген ат берсін!
Сен таңдаған келінім үйге ырыс ап келсін!

Мұсылмандық – бұл міндет, құтты болсын бұл міндет.
Өмір жолы – ұзақ жол, ұзақ жолда талмағын,
Еңбек, өнер, ғылымда қатарыңнан қалмағын.
Биік болсын талмағын,
Халқың сыйлар адам бол – орындалсын арманың!

Нағашыдан бір тілек
Қатарыңның алды бол,
Бақытты бол, малды бол.
Бақытыңа мастанып,
Бола көрме қанды қол.

Жас берсе, бірге бақ берсін,
Жарылқап тәуір нақ берсін.
Қайырыңды ел көріп,
Жомарт деген ат берсін.

Жолдарыңды оңдасын,
Қыдыр болсын жолдасың.
Қырық шілтен, Ғайып-ерен
Қорғаштап сені қолдасын.

Ағайынның ақ тілегі
Мұсылман болдың қарағым,
Кәне бермен қарағын.
Шырағын жағар ұлысың
Ата менен ананың.

Таудай болып талабың,
Алтын менен күмістен
Жасалсын барлық жарағың.

Көрімдігің мінеки,
Бар ма тағы қаларың?
Қой сұрасаң – қой берем,
Тай сұрасаң – тай берем.
Зат сұрасаң – зат берем,
Ат сұрасаң – ат берем.
Батырлығың байқалса,
Сауыт берем Ақберген.
Мұратыңа жете бер,
Күнннен-күнге өсе бер.
Ұзақ болып өмірің,
Өміріңнің түйінін
Өз қолыңмен шеше бер.

Сүндет той

Құрметті ағайындар, қадірлі .

Сіздерді бүгінгі ұлы тойларыңызбен шын көңілімізбен құттықтаймыз. Мұхаммет пайғамбардың хадисінде мұсылман үшін ең ұлы той — сүндет тойы деген екен. Мұның мәнісі сірә, балғын жас бала ата-баба жолына түсті, мұсылмандық рухын сақтайды, дәстүрге адал болады деген ниетте жатса керек. Сондықтан бүгінгі ұлы тойларыңыз құтты болсын.
Бір кезде мұсылмандықтың қаймағы бұзылмай тұрған кезде баланы жастан демекші, сүндетке отырғызуға сондай зор мән берілген. Бүгін сіздер ата-аналық борыштарыңызды өтеп қана отырған жоқсыздар, балақайдың келешегін нұсқап та отырсыздар. Баламыз өскен кезде білімді азамат болсын, рухы қазақша, ділі мұсылманша болсын, халқын сүйген азамат болсын деген тілектеріңізді жұрт алдында паш етіп, той жасап отырсыздар. Осынау ізгі тілектеріңіз қабыл болсын, мұраттарыңызға жетіңіздер. Баламыз жеті жұрттың қамын ойлаған азамат, атаның ғана ұлы емес, елдің, халықтың перзенті болсын.

Мұсылмандық — бұл міндет,
Құтты болсын бұл сүндет.
Өмір жолы – ұзақ жол,
Ұзақ жолда талмағын.
Еңбек, өнер, ғылымда,
Қатарыңнан қалмағын,
Биік болсын талғамың.
Халқың сыйлар адам бол,
Орындалсын арманың.
Мұсылмандық – ұлы міндет,
Құтты болсын бұл сүндет!

Баланың сүндет тойы құтты болсын, тезірек ер жетіп, имандылықты бойына сіңіріп өскен елінің айтулы азаматы болсын!

Бала, бала-бал ғұмыр,
Қуанышты мәңгі жыр.
Отырыпты сүндетке,
Жігіттіктің алды бұл.

Дәстүріміз бел алды,
Елдің ісі оңалады.
Өтеліпті парызы,
Жасалыпты жоралғы.

Құтты болсын сүндеті,
Ол-Мұхамет үмбеті.
Орындалды ойдағы,
Ата-ананың міндеті.

Мұсылмандық-иманың,
Екендігін біл, жаным.
Той жасапты ағайын,
Шашып барлық жиғанын.

Өмірдің бір белесі,
Мұсылмандық жөні осы.
Қуанып жүр әкесі
Көкке жетіп төбесі.
Аман-есен жетейік,
Тойларына келесі.

Сүндет тойға арналған тілек

Қазақ халқы баланы сүндетке тақ жасында отырғызады

Сүндетке отырғызу қазақ отбасынан шыққан әр ұл бала үшін есеюдің ең алғашқы сынағы десе де болады. Ер балаларды үш, бес, жеті не тоғыз жасында сүндетке отырғызу дәстүрге айналған. Сүндетке отырғызғаннан кейін мал сойып, алыс-жақын ағайынды тойға шақырады. Тойға келген қонақтар «сүндетің қабыл болсын!» деп баланың жастығының астына ақша салатын болған. Sputnik Қазақстан дерекқоры сүндет тойға арналған тілекті назарларыңызға ұсынады.

Сүндет тойға бата

Қол жайыңдар халайық, сүндетке арнап,

Құдай құлы Мұхаммед Үмбетке арнап.

Қырық парыздың біреуі осы дейді,

Исламда атқарар міндетке арнап.

Айың жарық, күндерің ашық болсын,

Пәлі-құла Қырық кез қашық болсын.

Жүрегіне Алладан нұр құйылып,

Өміріне жететін несіп болсын.

Бұл сүндет Әлми сақтан порым болған,

Бұл Жұмай ақ тілеуімен орындалған.

Ғайып Ерен, Қырық Шілтен қорғап жүрсін,

Азамат бол Қыдыр ата қолыңды алған.

Сөз бастар ақын болсын,

Қол бастар батыр болсын.

Ел бастар көсем болсын,

Ауыз дуалы шешен болсын

Еліне қорған болсын,

Дауылдан сақтасын, орман болсын.

Ағайынның ақ тілегі

Сүндет той құтты болсын! Ұлымыз бүгін ашамайлы атқа, мұсылмандық таққа мінді. Еліне, халқына адал қызмет ететін, ата-анасына қайырлы, ел-жұртына сыйлы, абыройлы, абзал азамат болсын деп тілейміз. Осы отырған баршаңызға той жұғысты болсын!

Өз құрбыңның алды бол, қора толы малды бол! Жауыңа дес бермейтін, арыстандай жалды бол! Өсе берсін өркенің, шарлай бергін жер шегін. Жаспен бірге бақ берсін, тәңір иіп нақ берсін! Қайырыңды ел көріп, жомарт деген ат берсін! Сен таңдаған келінім үйге ырыс ап келсін!

Пайғамбарымыздың хадисінде мұсылман үшін ең ұлы той – сүндет тойы деген екен. Мұның мәнісі, сірә, балғын жас бала ата-баба жолына түсті, мұсылмандық рухын сақтайды, дәстүрге адал болады деген ниетте жатса керек. Сондықтан бүгінгі ұлы тойларыңыз құтты болсын. Баламыз білімді, жеті жұрттың қамын ойлаған азамат болып өссін! Атаның ұлы емес, адамның ұлы болсын!

Құтты болсын бұл сүндет.

Өмір жолы – ұзақ жол,

Ұзақ жолда талмағын.

Еңбек, өнер, ғылымда,

Биік болсын талғамың.

Халқың сыйлар адам бол,

Мұсылмандық – ұлы міндет,

Құтты болсын бұл сүндет!

Мұсылман болдың, қарағым,

Кәне бері қарағын.

Шырағын жағар ұлысың,

Ата менен ананың.

Таудай болсын талабың,

Алтын менен күмістен,

Жасалсын барлық жарағың.

Бар ма тағы қаларың?

Қой сұрасаң, қой берем,

Тай сұрасаң, тай берем,

Зат сұрасаң, зат берем.

Ат сұрасаң, ат берем.

Сауыт берем Ақберген.

Мұратыңа жете бер,

Күннен-күнге өсе бер,

Ұзақ болып өмірің,

Өз қолыңмен шеше бер.

Нағашыдан бір тілек

Қатарыңның алды бол,

Бақытты бол, малды бол.

Бола көрме қанды қол.

Жас берсе, бірге бақ берсін,

Жарылқап тәуір нақ берсін.

Қайырыңды ел көріп,

Жомарт деген ат берсін.

Қыдыр болсын жолдасың.

Қырық шілтен, Ғайып-ерен

Қорғаштап сені қолдасын.

Мұсылмандық – бұл міндет, құтты болсын бұл міндет.

Өмір жолы – ұзақ жол, ұзақ жолда талмағын,

Еңбек, өнер, ғылымда қатарыңнан қалмағын.

Биік болсын талғамың

Халқың сыйлар адам бол – орындалсын арманың!